4 өңірдің өнімі ұсынылатын жәрмеңке өтеді

790

4 өңірдің өнімі ұсынылатын жәрмеңке өтеді

15-16 шілдеде "Қазақстан" СС көлік тұрағының аумағында республиканың 4 өңірінен келген тауар өндірушілердің қатысуымен кезекті жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен 600 тонна азық-түлік өнімін ұсынады.

Мәселен, жылқы етінің 1 келісін 1500 теңгеге сатып алуға болады, сиыр етінің 1 келісі 1250 теңге сомасында ұсынылмақ, сұйық май 340 теңге көлемінде сатылымға шығады.

Азық-түлік өнімінің 35-тен астам түрі ұсынылады: ет және  сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер, сұйық май, күріш, балық және т.б.

Дәстүр бойынша жәрмеңке өңірлік шығармашылық ұжымдардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасын таппақ.

Келесі демалыста өтетін жәрмеңкеге Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік-Қазақстан және Қостанай облыстары келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу