4 пайыздық автокредит бойынша қанша көлік берілді

956

Бағдарлама аясында 35,7 млрд теңгеге 4 834 адамның өтініші мақұлданған.

4 пайыздық автокредит бойынша қанша көлік берілді

16 мамырдан бері жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша 34 көлік берілді. Бұл туралы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бағдарлама басталғаннан бері 14 507 өтініш қабылданды. Оның ішінде 35,7 млрд теңгеге 4 834 адамның өтініші мақұлданды. Қазір 34 көлік берілді: Нұр-Сұлтан қаласы – 1 көлік, Алматы қаласы – 4 көлік, Ақтөбе облысы – 3 көлік, Алматы облысы – 1 көлік, Батыс Қазақстан облысы – 1 көлік, Жамбыл облысы – 4 көлік, Павлодар облысы – 4 көлік, Шымкен қаласы – 6 көлік", деді Жанар Ибрашева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін жеңілдетілген автокредит беретін банк саны артты.

Биыл 16 мамырда Қазақстанда аталған бағдарлама іске қосылған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу