4 зертханада синтетикалық есірткі дайындаған қылмыстық топ ұсталды

1083

Қарағандыда 24 миллиардқа бағаланған есірткі тәркіленді

4 зертханада синтетикалық есірткі дайындаған қылмыстық топ ұсталды

Қарағанды облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы синтетикалық есірткі өнімдерін дайындап, сататын төрт есірткі зертханасын анықтады. Оның екеуі Қарағанды облысында болса, біреуі Ақмола облысында ал төртінші зертхана Павлодар қаласында болып шыққан. 31 наурызда Ақмола облысында қылмыстық топтың ұйымдастырушысы құрыққа түскен. 30 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны аталған өңірден үй сатып алып, оның ішін ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын жасайтын құрал-жабдықтармен толтырып, кейін жасалған өнімді басқа өңірлерге сатпақшы болған. Полиция қызметі тінту жүргізу барысында ұсталған азаматтан 3 келіден астам дайын "мефедрон" есірткі заты мен  35 литр сұйық "мефедрон" есірткі затын сонымен қатар 3 мың литр сұйық, 50 келі ұнтақталған прекурсорларды  тәркілеген. 

"Осыған дейін полиция қызметкерлері Қарағанды облысында, Нұр-Сұлтан, Алматы Павлодар қалаларында қылмыстық әрекет жасап жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың белді мүшелерін ұстаған болатын. Олар 32 жастағы Алматы  тұрғыны және 35 жастағы Ақмола облысының  және 21 жастағы Павлодар қаласының тұрғындары болды",- деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Қылмыстық топтан  заңсыз айналымға өткізбек болған елу келіден астам есірткі өнімдері алынған. Ол бір реттік пайдаланатын жүз мың доза көлеміндегі есірткілер. Олардың қара базардағы құны шамамен 1 миллиард 600 млн теңге болады. Ал сарапшылардың пікірінше, тәркіленген прекурсорлардан қылмыскерлер жолы кесілмегенде, қара базардағы құны 24 миллиард болатын бір жарым миллион доза жасайтын еді. Полиция қызметі бұл дозалардың бүтін бір елді улауға қауқарының бар екенін мәлімдейді.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу