Жетісу облысы Панфилов аудандық сотында 4 жасар баласына қатыгездік танытты деген күдікпен 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, әйелге мінез-құлқында айқын бұзылыстары бар, күтім мен тұрақты емдеуді қажет ететін жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылған.
Сараптама кезінде оның қылмыс жасалған сәтте өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық түсіне алмағаны анықталған. Осыған байланысты сот әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық шара қолдану туралы шешім шығарды.
Соттың ресми хабарламасында қабылданған шешім қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асқаны атап өтілген.