4 желтоқсанға ауа райы болжамы: 18 өңірге ескерту жасалды

134

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

4 желтоқсанға ауа райы болжамы: 18 өңірге ескерту жасалды Фото: Ермохин Сергей

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жолдарда көктайғақ болады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман.

Атырау облысының шығысында тұман.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Астанада кей уақыттарда тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу