Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша инвестициялық жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысы сайтына сілтеме жасап.
"Төрт жыл ішінде Қазақстанда 20 көпсалалы аурухана мен 2 ғылыми-инновациялық көпсалалы клиника салу жоспарланған", – деді Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ инвестор компаниялардың, өңірлер әкімдіктерінің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері Түркістан, Петропавл, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Алматы және т.б. қалаларда госпитальдар салу жобаларының іске асырылу барысы туралы баяндады.
Үкімет басшысы жаңартылатын энергетика және денсаулық сақтау саласында жоспарланған жобаларды уақытылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.