4 жылға сотталған Байжанов әлі түрмеге түскен жоқ

304

Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі мәлім етті.

4 жылға сотталған Байжанов әлі түрмеге түскен жоқ Фото: Жоғарғы сот

Әйелін өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін жасырып, 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов әлі Астана қаласының тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот үкімімен орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды. Қазіргі таңда ол Астана қаласының тергеу изоляторында. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберіледі, - деп хабарлады Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚИК-нің 93-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу