40 ауыл жарықсыз отыр

721

Ақтөбе облысында 7 аудан жарықсыз қалды.

40 ауыл жарықсыз отыр Фото: inbusiness.kz

Оған қатты дауылда электр бағандарының құлап, желілерде мұз қатуы себеп болған. Қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz .

7 ауданның ішінде  Мәртөк ауданының 30 елді мекені электр жарығынан ажырап қалған. Қазір 11-інде ғана жағдай қалыпқа келтірілген. Ал аудан орталығының өзінде жарық көшелерге алма-кезек, уақытпен беріліп отыр. Өйткені, резервтік желінің бәрін жарықпен қамтуға күші жетпейді.

"Мәртөк Ақтөбе-Ақбұлақ дейтін  жоғары  кернеулі желі бар , 100 кВт-тық, содан қуат алатын еді. Қазір Ақтөбеден  Мәртөк жағынан осы авария болып тұр. Қазіргі таңда электр қуатына жауапты мекеме жұмыстар жүргізіп жатыр. Одан бөлек резервтік линия тағы да бар,  Қобда ауданынан, подстанция Успеновка деп аталады", дейді Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Аслан Айтмағамбетов.

Мәртөк ауылының тұрғындары болса  үш күн бойы бірде бар, бірде жоқ жарыққа үйренісе алатын емес. Өйткені, қай көшеде қай уақытта берілетіні туралы нақты кесте жоқ екенін айтады. Электр қуаты жоқ болғандықтан қазандықтары мен су бұрандалары істен шыққан тұрғындар да алаңдап отыр.

"14-сәуірден бастап үйде жарық бірде бар, бірде жоқ. Не болып қалды деп шошып кеттік. Қыстың өзінде осыншама ұзақ уақытқа жарықпен проблема болған емес. Дүкендер де жабылып қалды ғой сол кезде. Нан мен май шам іздеп жатқандар болды. Бастапқыда телефонның фонарымен амалдағанбыз, артынан оның да қуаты бітті.  Амалсыздан  балалардың ойыншығының  жарығын да пайдаландық", дейді Мәртөк ауылының тұрғыны Айымгүл Молдахмет. 

Ақтөбе облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдерінің айтуынша, қазір 40 ауылда әлі жарық жоқ. Оны қалпына келтіруге 50 бригада жұмылдырылған. Басқармадағылар бүгін кешке дейін  проблеманы жоюға тырысатындарын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу