40 градус қатты аяз: 8 өңірде ескерту жарияланды

1319

"Қазгидромет" РМК 30 қарашада күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

40 градус қатты аяз: 8 өңірде ескерту жарияланды Фото: baq.kz

Атап айтқанда, Алматы облысының Үлкен Алматы су алабында қар көшкіні жүруі ықтимал. Осы себепті қар жатқан тау беткейлеріне шығудан бас тарту ұсынылады.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта жел көтеріледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз облыс орталығында күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болжанады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шымкент қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Тәулік бойы 30 қарашада, түнде 1 желтоқсанда Жамбыл облысыныңтаулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар жауатыны күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы таңертең және күндіз 30 қарашада, түнде 1 желтоқсанда 23-28 м/с жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу