40 градус ыстық: 15 өңірде ескерту жарияланды

372

Атап айтқанда, Астана қаласында өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

40 градус ыстық: 15 өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМҚ 9 тамызда күн райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығы мен таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысының солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Күндіз найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, өңірдің таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтану қаупі жоғары болады.

Абай облысының оңтүстік бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігі мен орталығында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ найзағай, бұршақ, дауыл болжанады.

Ақмола облысының батысында қатты жаңбыр жауып, облыстың оңтүстігі мен батысында найзағай, бұршақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, найзағай кезінде 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Өңірдің оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде өрт тұтану қаупі аса жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде және Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу