Мектеп бағдарламасындағы 40-қа жуық оқулықты электронды кітап алмастыруы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұл жоспар 2020 жылға дейін жүзеге аспақ. Қазір аталмыш жүйе 6 өңірдегі 12 мектепте сынақтан өткізілуде. Онда 3,6,8-сыныптар электронды оқулықтармен білім алуда. Жобасын әзірге тегін таратқан авторлар электронды кітаптар алдағы уақытта арнайы лицензиялар арқылы беріледі дейді.
Жоба авторлары Эстонияда 1 оқушыға 1 жылда 1 лицензия беретінін атап өтті. Оның құны 40-50 еуро шамасында екен. Болашақта біздегі оқушыларға берілетін лицензия құны да осынша болуы мүмкін дейді Алматы кітап баспасының мамандары. Ал оны мемлекет төлейді ме, әлде ата-аналардың өздері сатып ала ма, әзірге белгісіз болып отыр.