40-қа жуық университет мемлекеттік тапсырыссыз қалды

531

Министрлікке мемлекеттің мүддесі маңызды.  

40-қа жуық университет мемлекеттік тапсырыссыз қалды

Елімізде 86 жоғарғы оқу орны педагог даярлайды. Олардың 30 ғана талапқа сай. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

"Бірнешеуінің лицензиясын алдық. Биыл педагог даярлайтын жоғарғы оқу орындарына талап күшейтілді. Қатаңдатылған талап үдесінен 25-30 шақты университет қана көрініп отыр. Бұл – өте күрделі жұмыс. Бұған ешкім риза болмайды, қуанбайды. Бірақ біздің мақсатымыз білім сапасын арттыру", – деді министр.

Оның сөзінше биыл 40-қа жуық университетке мемлекеттік тапсырыс берілмеген.

"Әрине, бұл оларға ұнаған жоқ. Бірақ бізге мәселенің біреуге ұнағаны немесе ұнамағаны емес, мемлекеттің мүддесі маңызды. Мемлекеттің мүддесі – халықтың мүддесі. Біз кезінде оларға өзіміз лицензия берсек, қазір сапасы төмен болғаны үшін лицензияны кері қайтауымыз немесе мемлекеттік тапсырыс бермеуіміз керек. Бұл әділеттілікке жататын шара деп ойлаймын", – деді Асхат Аймағамбетов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу