"40 келіге жуық": Оралда заңсыз тасымалданған 3 қап өзен шаяны тәркіленді

Бұл туралы polisia.kz сайтының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы жазды.

"40 келіге жуық": Оралда заңсыз тасымалданған 3 қап өзен шаяны тәркіленді Фото: Бейнежазбадан

Рейд барысында күдік тудырған ВАЗ автокөлігі тоқтатылған және оған тексеру жүргізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Теректі аудандық полиция бөлімінің құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатындағы түнгі рейдтік іс-шарасы аясында заңсыздықтың жолы кесілді. 

Тексеріс барысында автокөліктің жүк салғышынан жалпы салмағы 36,8 келі болатын 3 қап өзен шаяны табылып отыр. 

Бұл жайт бойынша қазіргі уақытта 37 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу