Шымкентте кәмелетке толмаған қызды алып қашу ісі бойынша айыпталған 3 азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот шешімімен күйеу жігіт пен оның екі досы Қылмыстық кодекстің "Некеге мәжбүрлеу" бабымен кінәлі деп танылып, әрқайсысының 3 жылға бас бостандығы шектелген.
Жігіттің жақындарының сөзінше, 17 жастағы бойжеткен онымен бірге кетуге өз еркімен келіскен көрінеді. Сонымен қатар, олар қыздың күйеу жігітпен шамамен 40 күн бір шаңырақ астында тұрғанын алға тартты.
Жаза кеткен жөн, осыған дейін Шымкентте колледж студенті өзін белгісіз біреулердің күштеп көлікке мінгізіп, Сарыағаш ауданындағы ауылдардың біріне алып кеткенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, сол жерде оған күш қолданылып, зорлық та жасалған.
Айыпталушы тараптың туыстары аталған оқиға екі жастың өзара келісімімен болғанын ескертіп, тағылған айыптарды жоққа шығарған. Іс қоғамда кеңінен талқыланып, қыз алып қашу мен әйелдердің құқығын қорғау мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.