Әскери билетті 40 күнде алуға болады

3958

Әскери билетті 40 күнде алуға болады

Әскер қатарына әртүрлі себептермен бармай қалған 24-27 жас аралығындағы жас жігіттер қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебіне барып, бекітілген үлгідегі әскери билетті алып шыға алады, деп хабарлайды altaynews.kz.
Ол үшін олар 40 күндік ақылы дайындық курсынан өтуге тиіс. Курстың бағасы 263 мың теңгенің айналасында. Сонымен қатар он сегізге толмаған бозбалалар да әскери дайындықтан өте алады. Олар үшін қызметтің бұл түрі тегін.
"Қазір біздің облысқа 2018 жылдың 15 қаңтарынан С,В категориясындағы он жүгізушіні тегін оқытуға тапсырыс түсті. Төрт айлық курсты бітірген болашақ жауынгерлер әскери борыштарын өтеуге қарулы күштердің әуе қорғанысы бөлімдеріне шақырылады. Яғни,болашақ отан қорғаушылар көктемгі шақыруға ілігеді", — дейді Өскемен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, әскери қызметке келісімшарт бойынша жинау және әскерге шақыру бөлімінің басшысы, аға лейтенант Руслан Қарахожин.
Бөлім басшының түсіндіруінше, отбасы жағдайымен немесе басқа да себептермен әскер қатарына шақырылуы кейінге қалдырылған жас жігіттер ақылы курсты тәмамдау арқылы әскери билетке қол жеткізе алады. Осы билетпен курсанттар құқық орындарында, мемлекеттік қызметте, әскери бөлімшелерде келісімшарт негізінде жұмыс істей алады. Бір және одан көп баласы барлар запасқа алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу