Бұдан былай біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржыңызды өзіңіз басқаруыңыз мүмкін. Яғни, азамат ақшасын қалаған кәсіпорынның игілігі үшін жұмсай алады, деп хабарлайды almaty.tv.
40 миллиард теңге көкке ұшты. Кезінде бұл сома зейнетақы қорынан еліміздегі 21 компанияның жұмысын жандандыруға аударылған болатын. Әйтсе де аталған кәсіпорындар сенімді ақтамай, бүгінде банкротқа ұшарап отыр.
"2014 жылдан бері жасалған жұмыстың арқасында осы берешектің 1,6 миллиард теңгесі ақша түрінде келіп түсті. 2 эмитент реабилитация процедурасында 13 эмитентке соттың шешімі қабылданған. 5 эмитент банкорт болған. Банкрот болған компанияларды өзіңіз білесіз, заң бойынша олар компанияның бар активтері жеткенінше төленеді. Қазір бұл компаниялар аяғына дейін жабылған жоқ. Банкроттық процедура жүріп жатыр", - деді "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі НАУРЫЗБАЕВА.
Осылайша, халықтың қорға жинаған қаржысы сәтсіз жобаларға да жаратылып кетіп жатады. Инвестицияны қажет еткен кәсіпорындар бұқараға ешқандай мағлұмат бермейді. Тіпті, әлеуметтік салаға құйылған қаржыдан бұқараға келіп кетер пайда жоқ. Мамандар зейнетақы қорына салынған тұрғын үйлер ел-жұртқа қолжетімді төмен пайызбен берілуі тиіс дейді. Ал бизнес өкілінің бастамасына кеткен қаржы жоғары пайызбен өндірілуі керек.
"Әлемдік нарықтың өзін алып қарайтын болсақ, жеке инвестициялық портфелдердерде пайыздық үстем ақысы жоғары болады. Банктікіндей емес, бірақ банкке шамалас белгілі бір деңгейде пайда алып келетіндей. Неліктен? Пайыздың өзі негізгі есептелетін құралдың өзі ішіне инфляция кіреді", - деді экономист Мақсат Сарәлі.
Енді күзден бастап әрбір ел азаматы зейнетақы қорындағы қаржысын қалаған кәсіпорынға құюы мүмкін. Бұл барлық процестердің ашық әрі айқын екеніне көз жеткізу үшін жасалмақ. Егер жаңа жүйе іске асса, компания дәстүрлі түрде үлескерлерге дивиденд төлеп отыруға міндетті. Әйтсе де, халық тірнектеп жинаған теңгеміздің талан-таражға түспеуіне кім кепіл дейді.
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы табыс соммасы 205 миллиард теңгеден асып жығылады. Бұл тек таза инвестициялық пайда көлемі. Ал жарты жылда жинақталған жалпы сомма 7,14 триллион теңгені құрайды.