40 млн теңге көлемінде қаражат ұрлағандар ұсталды

389

Оқиға Алматы облысында болған. 

40 млн теңге көлемінде қаражат ұрлағандар ұсталды Фото: Polisia.kz

8 қазанда Жамбыл ауданы ПБ-ға үш адамнан тұратын белгісіз қарулы адамдардың Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен 40 миллион теңге көлеміндегі қаражат, алтын әшекей және өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлап, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Алматы облысы ПД бастығының нұсқауы бойынша арнайы тергеу жедел тобы құрылып, олар қысқа мерзім ішінде 41, 37 және 24 жастағы үш күдіктіні ұстады.

Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы “Қарақшылық”бойынша тіркелді. Қазір қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу