"40 музыкант өнер көрсетеді": Димаш Құдайберген жаңа әнін жарыққа шығарды

187

Видеоның режиссері – Ғалым Асылов.

"40 музыкант өнер көрсетеді": Димаш Құдайберген жаңа әнін жарыққа шығарды Фото: dimashnews.com

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген 11 ақпанда өзінің YouTube-арнасында "Ғашықтық" атты жаңа композициясының тұсауын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Клип минимализм стилінде түсірілген.

"Қымбатты достар! Сіздерге деген шексіз махаббатым мен ризашылығымды сөзбен емес, ән арқылы жеткізгім келеді", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Ол продюсерлік жобасы – "Voice Beyond Horizon"-қа көрсетілген қолдау үшін ерекше алғыс білдіретіндігін атап өтті.

"12 ақпанда Hunan TV арнасында біздің "Voice Beyond Horizon" шоуының екінші бөлімі көрсетіледі. Алғашқы бөлімі менің YouTube-арнамда жарияланған. Елімізде амандық пен береке болсын! Баршаңызды құшақтаймын!" – деп үндеуін қорытындылады әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу