40 мың қазақстандықтың салықтық берешегі кешірілді

1397

Рақымшылыққа іліккендердің дені шағын және орта бизнес өкілдері.

40 мың қазақстандықтың салықтық берешегі кешірілді

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне қарағанда, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 90 077 салық төлеушінің мойнында салық қарызы болған. Оны ішінде берешек – 210,4 млрд теңге, өсімпұл – 122,9 млрд теңге, айыппұл – 7,4 млрд көлемінде тіркелген.

ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті мамандарының сөзінше, рақымшылық акциясының арқасында айыппұл мен күн сайын өсетін өсімпұлды 100% төмендету мүмкіндігі беріліп отыр.

Жалпы кәсіпкерлерге арналған салықтық рақымшылық биыл 31 желтоқсанда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу