40 мың шаруа субсидиядан қағылуы мүмкін - депутат

563

Депутат субсидиялауға арналған шикі жобаны іске қосып, оны жолға қоя алмаған министрлікті сынға алды.

40 мың шаруа субсидиядан қағылуы мүмкін - депутат Фото: apk-news.kz

3 өңірдегі шаруалар ереуілге шығуға дайындалып жатыр. Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан фермерлері митинг өткізуге өтініш тастапты. Мұндай шулы мәлімдеме жасаған Айдарбек Ходжаназаров 40 мыңнан астам шаруаның "шаруасына" алаңдаушылық білдірді. Депутат субсидиялауға арналған шикі жобаны іске қосып, оны жолға қоя алмаған министрлікті сынға алды. Жұмыс істеп тұрған "қолдау" бағдарламасынан "егіс" аталатын жаңа ақпараттық жүйеге ауысу жауапсыз шешім болды деп бағалады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзі жеткіліксіз субсидияны дұрыс үлестіре алмай отқанын да айтты. 

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің ойы, олардың көңіл күйі бірыңғай. Олар кабинетіне келеді, кетеді ешқандай зардап шекпейді. Қазіргі қолдау жабылды. Егіс жұмыс істеп жатыр әрең шикі жұмыс істеп жатыр. Ең соңында зардап шегіп жатқан қарапайым шаруамыз. Терлеп-тепшіп, ауа райына қарамай жұмыс істеп жүргендер",- дейді Айдарбек Ходжаназаров  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 

Депутат субсидияларын жарты жылдан бері ала алмай, шыдамы шегіне жеткен шаруалардың митингке шығуға әзір екенін де еске салды. Бас көтеруге деп Ақтөбе, Қарағанды мен Петропавлдағы жұмысшы қауым дайын отырған көрінеді. Егер мәселені шешпей созбаққа сала берсек фермерлердің 90% субсидиядан қағылады деп толықтырды депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу