40 мың үндістандық "қара зең" жұқтырды

596

Олардың 60%-ында қант диабеті бар. 

40 мың үндістандық "қара зең" жұқтырды Фото: reuters.com

Үндістанда 40 мыңнан астам адам "қара зең" жұқтырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Үндістанның Денсаулық сақтау министрі Харш Вардханға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл дертті жұқтырудың 40 845 фактісі тіркелген. 31 344 науқастың мұрыны, мұрын қуыстары және мидың бір бөлігі қабынған. Осы күнге дейін 3129 адам осы аурудан қайтыс болған. "Қара  зеңді" жұқтырғандардың 64%-ында қант диабеті бар, ал 53%-ы стероидты препараттарды қабылдағаны анықталды..

Бұған дейін Үндістанда "жасыл зеңді" жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгені хабарланған болатын. Бұл факт Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында анықталды. 

Мукормикоз – зең инфекциясынан туындаған асқынудан кейін пайда болатын дерт. Оған әсіресе қоршаған ортадағы зең спораларын ұстаған адамдар шалдығады. Ол споралар ағзаға терідегі жарақат арқылы енеді. Мамандардың айтуынша, қант диабеті барлар мен иммунитеті әлсіз адамдардың "қара зеңге" шалдығу ықтималдылығы жоғары.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу