40 мыңға жуық мемлекеттік қызметші табысы туралы декларацияны тапсырмаған

548

Өткен жылы жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі өтті. Оған сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер биыл 2021 жыл үшін табысына декларация тапсырды. 

40 мыңға жуық мемлекеттік қызметші табысы туралы декларацияны тапсырмаған

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Көлеңкелі экономикамен күрес шаралары туралы" өткен брифингте Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов  табысты жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне қатысты ақпарат берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Бірінші кезеңге сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер табысын жария етеді.

"570 мыңнан астам декларация түсті. Декларация тапсыруға тиіс деп тіркелгендер арасында оны тапсырмағандар да болды. Мұндай  мемлекеттік қызметкерлердің саны 39 мың. Олардың барлығына тиісінше ескертпе хабарлама жіберілді. Осы хабарламаның негізінде 10 мыңнан астам адам декларация тапсырды. Қалған 29 мың адам бойынша қазір жағдай анықталуда. Яғни, олар декларацияны тапсырмауының себебін көрсетіп, түсініктеме беруге тиіс. Олар 250 форма бойынша декларация тапсырады. Алайда олардың көпшілігі  жұмыстан шығып кеткен, бірақ мемлекеттік қызметкер ретінде бізде деректері қалған болып шығуда. Осы 39 мың адамға қатысты жағдай бақылауда, оларға хабарлама жіберілді. Болашақта да тиісті жұмыстар жүргізілетін болады", - деді Данияр Жанәлінов . 

Оның айтуынша, ескертпе хабарлама жіберу түрінде әкімшілік өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Алайда, оларға айыппұл салынбайды", - деді Данияр Жанәлінов  

Табысты декларациялау жемқрлықпен күресте көмектесе ме,деген журналистің сауалына жауаап берген спикер:

"Табысты декларациялаудың бірінші мақсаты - активтерді анықтау, жемқорлықпен күрес.  Алайда, нақты жемқорлықпен күрес жүргізу, біздің құзырымызға кірмейді", - деді Данияр Жанәлінов  Т

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу