40-тан астам тұрғынды алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды

694

Алаяқ әйел "жұмысқа орналастырып беремін" немесе "мемлекеттен қаржы алып беремін" деген жалған уәде беріп келген.

40-тан астам тұрғынды алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды

Түркістан облысында алаяқ әйел 40-тан астам тұрғынды алдап соққан. Мемлекеттік бағдарлама аясында қомақты қаржы алып беремін деген ол жәбірленушілерге1,5 миллион теңгеге жуық залал келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, наурыз айында Түркістан қаласында тұратын жергілікті тұрғын полицияға арызданған. Ол таныс бір келіншектің алдап ақшасын алып, қайтармай жүргенін көрсеткен. Дәл осыған ұқсас арыздар тағы оншақты адамнан түскен.

"Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, нәтижесінде Түркістан облысының жұмыссыз жүрген  жергілікті тұрғыны ұсталды. Полицейлердің анықтауы бойынша, алаяқ әйел "жұмысқа орналастырып беремін"  немесе "мемлекеттен қаржы алып беремін" деген жалған уәде беріп келген. Сөйтіп адамдардың ақшаларын алып отырған", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған жайт, ҚР ҚК-нің 190-бабы "алаяқтық" бойынша  СДТБТ-не тіркеуге алынған. Сезіктіге қатысты жинақталған мәліметтердің барлығы сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу