Полицияға түн ішінде үйіне ұры түскендігі туралы шағымдардан соң, тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жасақталған тергеп-тексеру тобы құрылды. Жедел-іздестіру шараларының арқасында қылмыстық топ Шымкентте ұсталды. Олар жергілікті 4 тұрғын болып шықты, олардың екеуі бұрын да істі болғандар екен, деп хабарлайды otyrar.kz.
Қылмыстық топтың бүгінге дейін Шымкент пен Ордабасы ауданында жасаған пәтер ұрлығының 42 жайтына қатыстылығы айқындалды. Күдіктілер түн жамылып, жәбірленушінің үйіне түсіп, негізінен телефон мен ақша жымқырып отырған. Сондай-ақ, сәуір айында түн мезгілінде, Шұбарсу елдімекеніндегі үйге ұрлыққа түсіп, тек қана ұялы телефон ұрлап қоймай, жәбірленушінің автокөлігіндегі 200 мың теңгесін қолды қылған.
Полицейлер өзгенің мүлкін ұрлау жайты бойынша күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.