11 наурызда қазақстандықтар Украина халқы үшін жинаған 40 тонна зат тиелген екі жүк көлігі Қазақстан астанасынан Украинаға жол тартты, деп жазады inbusiness.kz.
Жүк көліктері күннің бірінші жартысында жолға шықты және Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийдің айтуынша, олар 10 күн жол жүреді.
Жүргізушілер Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Болгария, Румыния, Молдовадан өтіп Киев облысына барады. Жүк көліктері Ресейді айналып өтеді.
"Қазірдің өзінде әуе көлігі арқылы 25 тоннаға жуық жүк жөнелттік", – деді Врублевский.
Елші Қазақстан халқына, еріктілерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу