40 тоннадан астам сексеуіл тәркіленді

1181

40 тоннадан астам сексеуіл тәркіленді

Жамбыл облысында қылмыстық топ құрықталды деп хабарлайды abctv.kz.

Облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Мойынқұм ауданының 1961 жылы туылған тұрғыны ұлымен бірге осы ауданның құмды аймағында ірі көлемде сексуіл кесумен және Алматы қаласында заңсыз сатумен айналысқаны жайында хабарлама түскен. 
Жамбыл облысы және Алматы қаласы аумағында бір уақытта 11 жерде жүргізілген тінту шаралары барысында күдіктілерден 40 тоннадан астам сексеуіл, ағаш кесетін құралдар, таразы, сатуға дайындалған сексеуіл салынатын қораптар тәркіленді. Сонымен бірге тінту кезінде бірнеше күдіктінің тұрғынжайынан заңдастырылмаған оқпанды қару, Калашников автоматының оқтары табылды. 
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне алынып, ҚР ҚК-нің 340-бабы, 4-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу