Дубайға демалысқа бармақ болғандар бір күн қалғанда ол бағыттағы турдың тоқтағанын білген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2024 жылдың 11 айында Түркістан облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне осы секілді 40-тан астам арыз түскен.
Дубай қаласына демалысқа баруды жоспарлаған тұрғын өте қолайсыз жағдайға тап болған. Туристік агенттіктен ол бір күн қалғанда ғана ол елге турдың жоқ екенін білген. Агенттік клиентке әртүрлі сылтау айтып, ақшасын қайтарудан бас тартқандықтан, азамат құзырлы мекемеге жүгінген.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 8-1-бабында, шартты орындамау тұтынушының құқықтарын бұзу болып табылатындығы айқын көрсетілген.
Түркістан облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті келіп түскен 40 өтініштің 25-і құқықтық және заң көмегін шешілгенін айтады. Қалпына келтірілген тұтынушылық құқықтардың жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асып отыр.
Департамент өкілінің сөзінше, қалған шағымдар да құқық қорғау органдарына жіберілген.