40 жылдай құжатсыз жүрген 2 жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды

115

Бұл іске көші-қон қызметкерлері көмектесті.    

40 жылдай құжатсыз жүрген 2 жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды Фото: polisia.kz

Фатима Акопян 1993 жылдан бері Қазақстанда тұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол Қазақстан азаматына тұрмысқа шығып, 7 баланы өмірге әкелген ана тарихи және құжаттық қиындықтарға байланысты 33 жыл "азаматтығы жоқ тұлға" мәртебесінде болған. Полицияға көмекпен жүгінгеннен кейін қызметкерлер оның құқықтық мәртебесін тексеріп, Қырғыз елінен жеке басына қажетті құжаттарды сұратып, жинап, рәсімдеуге жәрдемдесті.

Тура осындай мәселемен Гульназира Гайнетдинова да жүгінген. 1986 жылы Ресейден Қазақстанға көшіп келген азамат 40 жыл бойы азаматтық алу барысында көп қиындықтарға тап болған. Полиция қызметкерлері Ресей мемлекетіне сұрау салып, азаматтығы бар-жоғын растай отырып, заң аясында жедел түрде құжаттарын рәсімдеп берді.

– Әр азаматтың құжат мәселесі заң тұрғысында қаралады. Біз әрдайым тиісті көмек көрсетуге тырысамыз, – деді Тараз қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы Шолпан Әшірбаева.

Нәтижесінде екі азамат да жеке куәліктерін рәсімдеп, барлық құжаттарын қолдарына алды.

Тұрғындар полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен қолдауын ерекше атап өтіп, шынайы алғыстарын білдірді.

– Азаматтық алу мәселесі көп жылдан бері шешілмей келген еді. Полиция қызметкерлері бәрін заң жүзінде қарап, қысқа мерзімде нақты көмек көрсетті. Шын жүректен алғыс айтамыз, – деді олар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу