40 жылдан бері көлік тізгіндеген қазақ әжей Францияда танымалдыққа ие болды

Ол туралы тіпті деректі фильм де түсірілген. 

40 жылдан бері көлік тізгіндеген қазақ әжей Францияда танымалдыққа ие болды Фото: Azattyq Rýhy

Қазақстандық әженің жұмыс барысын ARTE бағдарламасы Франция аумағында көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

75 жастағы Оразхан Манабаеваның темір тұлпар тізгіндегеніне 40 жыл толған. ШҚО-ның Аягөз қаласында өмір сүретін әжей көлік жүргізгенде ауруынан да айығатынын айтқан. Қазір жапонның Toyota Camry көлігін жүргізетін ол көлік тізгінін алғанда өзін өте жақсы сезінетінін жеткізген. 

– Үйдегі ақсақалмен (күйеуін айтады) 55 жыл отассам, темір тұлпармен 40 жылдан бері жолдаспын. Рульде отырғанда өзімді өте жақсы сезінемін. Тып-тыныш отырамын, ешнәрсеге алаңдамаймын. Қайта өзімді сергек сезінемін. Сырқаттанып қалып, рульге отырсам, ауырғанымды да ұмытып кетемін. Бұл – менің сүйген мамандығым, – дейді таксист әжей.

Бейнежазбадан әжейдің такси қызметі үшін жолаушыдан 500 теңге алғанын байқау қиын емес. ARTE-нің мәліметінше, әлемде 75 жасында такси болып, көлік жүргізетін қарт кісілер жоқтың қасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу