400 білім гранты бөлінеді

1281

400 білім гранты бөлінеді

Шетелге ағылған жастар қатарын азайту мақсатында келер жылы ШҚО әкімінің 400 гранты бөлінеді. Бұл туралы Зырян ауданына жасаған жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО баспасөз қызметі.

Облыс әкімі аудан орталығы мен Бородино ауылындағы орта мектептерді аралап, оқушылармен кездесті. Кездесу барысында Даниал Ахметов бірқатар мектеп түлектерінің көрші мемлекеттердің жоғары оқу орындарына түсетінін айтты.

"Кейбір мектеп директорларының біліктілік деңгейі төмен. Оны жасыру үшін балалардың ҰБТ тапсырғылары келмейтіндігін айтады. Кей жылы нәтиже жоғары болмайтын шығар. Бірақ, көрсеткіштер төмен түсіп кетеді деп, қорықпау керек. Ол үшін мектеп директорларын ешкім жұмыстан шығармайды, тек болашаққа үлкен сабақ болады, — деді Даниал Ахметов. – Облыс бойынша ҰБТ орташа балы 83. Өскеменнің 47 мектебінің тек бесеуі ғана жүзден жоғары балл алды. Ал Көкпекті ауданындағы 17 мектептің алтауы жоғары балл жинаған".

Облыс әкімі сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда сапалы білім беретін жоғары оқу орындары барын алға тартты. Сондықтан келесі жылы 400 білім гранты бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу