400-ден аса отбасы баспанасыз қалды: Астанада заңсыз құрылысқа қатысты іс сотқа жолданды

147

Бұл туралы Астана қаласының бас прокуратурасы хабарлады.    

400-ден аса отбасы баспанасыз қалды: Астанада заңсыз құрылысқа қатысты іс сотқа жолданды Фото: gov.kz

Бір топ адам 400-ден аса отбасыға 4,6 млрд теңге көлемінде аса ірі залал келтірген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, 3 тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды. Бұл қаражат мақсатсыз жұмсалып, құрылыс мүлде жүргізілмеген", – деп жазылған хабарламада.

Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат бар-жоғын мұқият тексеруге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу