400-ден астам компания Қазақстанға көшуі мүмкін

387

Украина мен Ресей арасындағы соғыстан кейін тоқтаусыз жүрген санкциялар легі 40-тан астам елдің компанияларын ресейлік нарықтан кетуге мәжбүр етті.

400-ден астам компания Қазақстанға көшуі мүмкін Фото: pixabay

Ресейден кеткенімен, Еуразия аумағында ісін жалғастырғысы келген компаниялар оның жақын көршісі Қазақстанды қарастыра бастаған. ҚР Сыртқы істер министрі орынбасары Алмас Айдарұлы қазір 400-ден астам компанияны орналастыру шаралары қарастырылып жатқанын хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Өздеріңіз білетіндей, соғыс басталғалы бері 40-тан астам ел компанияларына Ресеймен серіктестік жүргізуге үзілді-кесілді тыйым салынды. Сол себепті олар ресейлік нарықтан кетіп, қазір релокация (көшу) мүмкіндіктерін қарастыра бастады. Ең ыңғайлысы, әрине, Қазақстан. Біз қызығушылық тудырған 400 компанияны қарастырып жатырмыз", - деді Алмас Айдарұлы.

Қазақстанға көшуге ниетті компаниялар арасында көбіне батыстың бизнес нысандары, ресейлік компаниялар да жетерлік. Одан бөлек АҚШ, Оңтүстік Корея компанияларынан да сұраныстар түскен.

Осылардың арасында инвестициялық байланыс қарқыны Ресеймен баяулаған. Былтыр осы елден келіп түскіен инвестиция көлемі $1,5 млрд құрады, яғни 2021 жылмен салыстырғанда 20%-ға кеміген, бірақ бізге келетін компаниялар саны біршама өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу