Дене шынықтыру және спорт саласындағы 395 маман біліктілікті арттыру курсынан өтті

604

Олар тиісті сертификаттар алды.  

Дене шынықтыру және спорт саласындағы 395 маман біліктілікті арттыру курсынан өтті Фото: 2plus2.ua

Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру бойынша 6 курс өткізілді. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының жоспарына сай биыл 17 тегін курс ұйымдастырылады. Ол курстар 700-ге жуық адамды қамтитын болады.

"Жаңа кадрлар даярлау және салада жүрген спорт мамандарының біліктілігін арттыру - біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл ретте, тек жаттықтырушыларға ғана емес, сонымен қатар спорттық оқу орындарының жаттықтырушы-оқытушыларына да көңіл бөлінеді. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға баса назар аударылады", - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу