400 мың теңгеге жұмысқа орналастыруға уәде еткен алаяқ іздестіріліп жатыр

786

400 мың теңгеге жұмысқа орналастыруға уәде еткен алаяқ іздестіріліп жатыр

Астана полициясы Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналастыруды ұсынған алаяқтың әрекетінен зардап шеккен басқа  да адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлады сейсенбі күні елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, "КORE АNA" фирмасының өкілі ретінде өзін Мадияр деп таныстырған ер адам, алдап, азаматтардың сеніміне кіре отырып Оңтүстік Кореяда жалақысы жоғары жұмысқа орналастыруға уәде беріп, әрқайсысынан 400 мың  теңгеден иемденген.
"Қазіргі таңда  күдікті іздестіріліп жатыр. Полицияға  15 адам арыз берген.  Қазір басқа да зардап шеккендер іздестірілуде",– делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, ақпанның басында Алматыда алаяқ Оңтүстік Кореяда жұмыс ұсынып, дәл осындай жолмен жүздеген азаматты алдап соққан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу