400 мыңнан аса алматылық тұмауға қарсы вакцинаны тегін салдыра алады

518

Алматыда вакцинация шаралары басталды. 

400 мыңнан аса алматылық тұмауға қарсы вакцинаны тегін салдыра алады

Алматы қаласының емханаларында жыл сайын тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды. Оның аясында 400 мыңнан астам алматылық тегін екпе салдыра алады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады. 

Тегін вакцинамен қамтылатындардың ішінде 65 жастан асқан адамдар саны – 264 мың, созылмалы ауруы бар тұрғындар – 125 мың, 22 мың бала, 9 мың медицина қызметкері, 7 мыңнан астам жүкті әйелдер бар. ЖРВИ-ді алдын алу шаралары 15 қарашада аяқталады. Осы уақыт аралығында алматылықтар емханаға өздерінің учаскелік дәрігеріне барып, алдын ала жазылу арқылы екпе салдыруға құқылы. Учаскелік медбикелер тәуекел тобындағы тұрғындарға телефон арқылы хабарласып, шақырады.

"Вакцинация алдында учаскелік дәрігердің міндеті түрде келген тұрғынның денсаулығының жай-күйін, респираторлық ауру белгілерін және COVID-19 вирусымен ауырған науқаспен байланысы болғанын немесе болмағанын, температураның қалыпты болуын тексереді. 10 қыркүйекте вакцинация 185 адамға жасалды, оның ішінде 60 жастан асқан қарт адамдар саны – 40, 100 медицина қызметкеріне, созылмалы аурулары бар 25 бала мен созылмалы аурулары бар 20 ересек адамға" – деді №11 Қалалық емхананың дәрігер-эпидемиологы Камар Қайратбек. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу