400 мыңнан астам бала мектепке дайындалу үшін материалдық көмек алады

335

Биыл әр білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері– 40 567 теңге. 

400 мыңнан астам бала мектепке дайындалу үшін материалдық көмек алады Фото: ortcom

Барлық ақша аударымдары ата-аналардың карточкалық шоттары арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100% қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді. "Жалпыға бірдей оқыту" қоры атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, сонымен қатар жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетеді.

"Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өздері  таңдап алу үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер ата-аналар мен балаларға жеткізушілерді өз бетінше таңдауға  мүмкіндік береді", дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады. Оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу