405 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленуде

1844

Осы мақсатта мемлекет бюджетінен 204,5 миллиард теңге бөлінген. Оның 70 пайызы беріліп қойды.

405 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленуде

Еліміз бойынша, екі миллион қазақстандық кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырғандар санына байланысты шыққан ресми ақпарат, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгінде 405 мың отбасыға  атаулы әлеуметтік көмек төленіп жатыр. Осы мақсатта мемлекет бюджетінен 204,5 миллиард теңге бөлінген. Оның 70 пайызы беріліп қойды.

Өңірлерге бөліп қарастыратын болсақ, көмекті еліміздің оңтүстік аймақтары көбірек алады екен. Ол 65 пайыздан асады. Бұл Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Шымкент қаласы. Ал, Алматы қаласы мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында  атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны айтарлықтай аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу