28-29 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. 28 маусым күні облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел тұрады. 28 маусым күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Таразда 28-29 маусымда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
28 маусым күндіз, 29 маусым түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. 28 маусымда облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
28 маусым күні күндіз Қызылорда облысында 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада 28 маусым күні күндіз 41 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
28 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады.
Оралда 28 маусымда күндіз найзағай ойнайды.
28 маусымда Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 маусымда Ұлытау облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 маусымда таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус ыстық сақталады. Қонаевта 28 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
28 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Күндіз 35-38 градус ыстық сақталады.
Талдықорғанда 28 маусымда күндіз 35-38 градус ыстық.
28 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.