41 шетелдік елден шығарылды

1363

Бүгінде елордадағы жағдай тұрақты.

41 шетелдік елден шығарылды

41 шетелдік Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық комендатураның баспасөз қызметінің дерегінше, Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі сақталуда. 

Полиция бір тәулікте қалада 11 қылмысты, 105 жол апатын тіркеген. 

"Төтенше жағдай жарияланғаннан бері 353 режимді бұзу немесе мемлекеттік орган белгілеген талаптарды орындамау фактісі тіркелді. Кінәлілерге қатысты шешімді сот қабылдады. Көші-қон заңнамасын бұзудың 1300-ден аса дерегі анықталды. Оның ішінде 295 дерек шетелдіктерге қатысты, 41 шетелдік елден шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқан, тіркелген үйлерінде тұрмайтын адамдарды тіркеуге жол бергені үшін 940-тан аса қазақстандық жауапкершілікке тартылды.       

"Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзып, шетелдіктерді қабылдаған 82 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ полиция елде болу мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан Қазақстанда жүрген 2 шетелдікті анықтады.

"Оларға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен шетел азаматтары Қазақстаннан шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары 5882 жалдамалы тұрғын үй мен 490 хостелді тексерген.

"Сіз үйде күмән тудыратын адамдардың туратыны немесе күдік келтіретін заттар жөнінде қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу 102 телефон нөміріне немесе өз учаскелік полиция инспекторыңызға хабарлаңыз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 6 блокбекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу