41 ЖОО әскерден келген жауынгерге грант беруге келісті

781

Елде сап түзеп, сарбаз атанған жауынгерлерді әскерден кейін тегін оқуға қабылдайтын университеттер тізімі жасақталды. Мұндағы басты ерекшелік  бірыңғай тестілеусіз білім қабырғасына алу. 

41 ЖОО әскерден келген жауынгерге грант беруге келісті

Қорғаныс министрлігі бірқатар жоғарғы оқу орындарымен арнайы келісімге келген. Енді елде бас-аяғы  41 университет жауынгерлерді тегін оқытпақ. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. Белгілі болғандай, қос тарап, яғни министр мен ректорлар кездесіп, мәселеге қатысты мәмілеге келген. Салалық министрлік таратқан тізімде Алматы және Астанадағы алып оқу орындары бар. Сондай-ақ әскери  бағыттағы институттар борышын өтеп келгендерді тегін оқытпақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу