417 елордалық отбасы баспаналы болды

1037

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов баспана кезегінде тұрған елордалықтарға пәтер кілтін табыстады. 

417 елордалық отбасы баспаналы болды

Олардың қатарында 24 көпбалалы отбасы бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

А 98 к-сі және Е 496 к-сі мекенжайлары бойынша жаңа көпқабатты тұрғын үй кешендері (МТЖ) салынды.  Е 496 көшесіндегі тұрғын үй кешені 364 пәтерді қамтиды, олардың 182-сі кезекте тұрғандар арасында бөлінген, олардың ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының өкілдері, соның ішінде көпбалалы аналар, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 180 мың теңгені құрайды.

А 98 көшесіндегі тұрғын үй кешенінде барлығы 53 пәтер берілді. Оның ішінде көпбалалы аналарға 10 пәтер бөлінді.  Бұл жалдамалы тұрғын үй Нұр-Сұлтан әкімдігінің кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік-осал топтарына сатып алу құқығынсыз беріледі.

"Бүгін – кезекте тұрған елордалықтар үшін үлкен қуаныш. "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру арқасында 417 отбасы баспаналы болды. Баршаңызды көптен күткен және айтулы оқиғамен құттықтаймын. Сіздердің үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік, келісім және амандық үстемдік етсін!" – деді Бақыт Сұлтанов.

Салтанатты рәсімнен кейін Бақыт Сұлтанов жаңа ТК ауласына ағаш отырғызды.

Биыл Нұр-Сұлтанда жалпы ауданы 141,8 мың шаршы метр 1,9 мың пәтерден астам жеті МЖК пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда елордада 45 748 адам баспана кезегінде тұр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу