Бұл туралы sport-express.ru сайты жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
Сайттың мәліметі бойынша, ЦСКА-да ойнайтын Даррен Диц жылына 70 миллион рубль табады. Бұл – шамамен 418 миллион теңге.
Ал Джесси Блэкер ("Автомобилист") пен Никита Михайлис ("Барыс") жылына 50 миллион рубль (298,62 миллион теңге) жалақы алады.
Сондай-ақ еліміздегі жоғары жалақы алатын хоккейшілер тізімі төмендегідей:
- Кертис Волк ("Автомобилист") – 45 млн рубль (268,76 млн теңге);
- Виктор Сведберг ("Авангард") – 40 млн рубль (238,90 млн теңге);
- Алексей Маклюков ("Металлург") – 35 млн рубль (209,04 млн теңге);
- Роман Старченко ("Спартак") – 25 млн рубль (149,31 млн теңге);
- Валерий Орехов ("Адмирал") – 20 млн рубль (119,45 млн теңге).
Айта кетейік, астаналық "Барыс" хоккей клубы биыл ХК Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу