RU KZ
42 500 теңге алу үшін бір адам бірнеше рет өтініш жолдаған

42 500 теңге алу үшін бір адам бірнеше рет өтініш жолдаған

06 Сәуір 2020 12:33 946

42 500 теңге алу үшін бір адам бірнеше рет өтініш жолдаған
938 мың адамнан 1 млн 284 мың өтініш түсті. 

Министр Біржан Нұрымбетов өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандарға да  42500.enbek.kz сайты арқылы әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш жолдау мүмкіндігі берілгенін мәлімдеді. 

Айта кетейік, бұған дейін 42500.enbek.kz сайтында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінішін қабылдау қызметі болмаған. 

«Соңғы 3 күнде 42 500 теңге алу үшін 938 мың адамнан 1 млн 284 мың өтініш түсті. Сараптау барысында бір адамның бір өтінішті бірнеше рет жолдағаны анықталды. Мүмкін, өтініш иелері жаңылысқан шығар. Ал егер олар бір өтінішті бірнеше рет жолдап, 42 500 теңгені бірнеше рет алудан үміттенсе, қателеседі. Ақпараттық жүйе барлық өтінішті сұрыптап, реттеп алады. Кез келген өтініш иесіне 42 500 теңге бір айда бір рет қана беріледі», – деді министр. 

Қанат Махамбет