42 500 теңге алу үшін бірыңғай жиынтық төлем төлеудің қажеті жоқ

2149

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар әлеуметтік төлемге өтініш жазса жеткілікті. 

42 500 теңге алу үшін бірыңғай жиынтық төлем төлеудің қажеті жоқ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді. 

"Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар өткен жылы 42 500 теңге алу үшін бірыңғай жиынтық төлем төледі. Бұл жолы бірыңғай жиынтық төлем төлеудің қажеттілігі болмайды. Ондай талап қоймаймыз. Өткенде төледіңіз, сол жеткілікті. Ол мәліметтер бізде бар. Сондықтан бұл жолы өтініштеріңізді бересіздер. Бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын төлеп жүргендерге сұрақ жоқ. Ал енді төтенше жағдай кезінде бір рет төлем жасағандарды біз өз тарапымыздан жүйелер арқылы тексереміз", – деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу