42 500 теңге алу үшін "Қазпошта" арқылы экспресс-карта ашуға болады

5373

Ұлттық пошта операторы ағымдағы шотты онлайн-режимде ашуды ұсынып отыр.

42 500 теңге алу үшін "Қазпошта" арқылы экспресс-карта ашуға болады

"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов онлайн шот ашудың жеңіл жолдары туралы ақпарат берді.

"Өздеріңіз білетіндей, Президенттің тапсырмасымен табыссыз қалған азаматтарға ай сайын 42500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек аударыла бастады. Осыған байланысты біз барлық бөлімшелерімізде, соның ішінде ауылдық жерлерде экспресс-карталар мен ағымдағы шоттар ашып, ЕСП төлемдерін қабылдап жатырмыз. Ұлттық банктің түсіндірулері бойынша осы жәрдемақыны алу үшін арнайы шоттар ашудың қажеті жоқ. Бұл жәредамақыны банктер, салық органдары, сот атқарушылардың алып қоюға құқықтары жоқ. Кез келген банктің немесе "Қазпоштаның" карта шоттарын пайдалнуға болады. Ұлттық пошта операторының басшысы ретінде қайталап айтқым келеді. Ешкім олардың қаражаттарын ұстауға құқылы емес. Уәкілетті мемлекеттік органдардың түсіндірулері бойынша кез келген ағымдағы шотты қолдануға болады", – деген басқарма төрағасы ЕСП төлемін үйден шықпай-ақ төлеу мүмкіндіктері туралы айтты.

"Соңғы алты күнде 42500 теңгелік төлемнің аясында біз 237 мың адамға қызмет көрсеттік. Жетінші сәуірдегі соңғы мәлімет бойынша "Қазпошта" арқылы 126 204 шот ашылды. 163 129 мың адам ЕСП төлемін төледі. ЕСП-ні онлайн төлеу мүмкіндігі туралы барлық нұсқаулар "Қазпоштаның" әлеуметтік желілердегі парақшаларында және біздің сайтта орналастырылған. Сізге ыңғайлы болуы үшін Post.kz сайтында  шотты онлайн ашып, виртуалды карта шығару қызметін іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз.  Оның іске қосылғаны туралы қосымша хабарлаймыз", – деді Сәкен Сәрсенов.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу