42 500 теңге алу үшін өзге адамның есепшотын көрсетуге бола ма?

1202

63 мың адам ЖСН-ін қате көрсеткен.

42 500 теңге алу үшін өзге адамның есепшотын көрсетуге бола ма?

Төтенше жағдай кезеңінде 42 500 теңге алу үшін өтініш берушілердің арасында өзге адамның есепшотын ұсынғандар да болыпты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мұндай адамдарға ақша аударылмайтынын жеткізді.

"Бүгінге дейін 3,7 млн адам өтініш берді. Негізі өтініштер саны 5 миллионға жақындап қалды. Соны тексерген кезде көп кісілер өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін дұрыс көрсетпей жатыр. "ИИН" дейміз ғой, сол дұрыс көрсетілмесе, ондай адам жоқ деген сөз. 63 мың адам өтініш бергенімен, осылай ЖСН-ін дұрыс көрсетпеген. Екіншіден, есепшоттарды дұрыс көрсетпей жатырсыздар. Басқа адамдікін немесе мүлдем жабылып кеткен шоттарды көрсетесіздер. Мысалы "Наурыз банк" деген банктің есепшотын көрсетіп жатырсыздар. Ол өзіңіздің жұмыс істеп тұрған есепшотыңыз болу керек. 83 мыңнан адам астам осындай өтініш берген. Тағы бір айта кететін жайт, кейбір адамдар неге өз жақынымының, досымның, ата-анамның, баламның есеп шотына ақша аудара салмайсыздар деп сұрайды. Біз ондай рұқсат бере алмаймыз. Иә, сіз таза адамсыз. Қазір 42 500 теңгені алу үшін балаңыздың немесе бір досыңыздың есепшотын көрсеткіңіз келіп отыр. Бірақ басқа жағынан қарасаңыз, алаяқтар осыны мүмкіндік ретінде пайдаланып кетуі мүмкін. Хакерлер сіздің аты-жөніңіз арқылы ЖСН-іңізді оп-оңай тауып алады. Олар сіздің осы деректеріңізбен бірге өз есепшотын көрсетіп, өтініш беріп жіберсе ше? Сол кезде сізге тиісті ақшаны алаяқтар алып кетуі мүмкін. Сондықтан бұл жерде әркімнің жеке өз есепшоты болуға тиіс. Өйткені алаяқтар сіздің атыңыздан өтініш жіберуі мүмкін", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу