42 500 теңге беру үшін 2 банк, 3 портал және телеграм-боттар жұмыс істейді

3334

Бұлардың барлығы алдағы жұма күні іске қосылады.

42 500 теңге беру үшін 2 банк, 3 портал және телеграм-боттар жұмыс істейді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айында тағайындалатын 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қатысты қандай ресурстар іске қосылатынын мәлімдеді. 

"Өткендегідей 42500.enbek.kz порталы, электронды үкімет порталы жұмыс істейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға телеграм-боттар да қызмет көрсетеді. Бұлардың барлығы жұма күннен бастап іске қосылады. Бұға қосымша Каспий банк пен Халық банк те интернет ресурсты іске қосып, халықтан өтініш қабылдайды", – деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу