42 500 теңге: БЖТ-ны өтініштен бұрын төлеуге кеңес берді

1209

Бірыңғай жиынтық төлемді өтініштен кейін төлеу жұмысты кешеуілдетеді.

42 500 теңге: БЖТ-ны өтініштен бұрын төлеуге кеңес берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеден үмітті азаматтар бірыңғай жиынтық төлемді қашан төлеу дұрыс болатынын түсіндірді.

"Бірыңғай жиынтық төлемді өтініш берердің алдында төлегендеріңіз дұрыс болар еді. Осы күнге дейін біраз азамат өтініш бергеннен кейін барып БЖТ төлеген. Біз оны түсінеміз. Сондай төлемдер түсіп қалатын шығар деп  БЖТ-ны бұрыннан төлеп келген жүз мыңдаған адамның өтінішін ұстап отырмыз. Мүмкін сіз сияқты жаңылысқан адамдардың БЖТ-сы 1-2 күнде келіп қалатын шығар деп қалғандарын ұстап тұрмыз. Себебі, бәрін бір тексеруіміз керек. Сондықтан, бірінші БЖТ-ны төлеп, бір тәуліктен кейін өтініш бергендеріңіз дұрыс болар еді", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу