42 500 теңге: БЖТ төлеуге ыңғайлы сервис іске қосылды

765

Қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.

42 500 теңге: БЖТ төлеуге ыңғайлы сервис іске қосылды

22 сәуірден бастап Мемлекеттік кірістер комитетінің eSalyq мобильді қосымшасында бірыңғай жиынтық төлемді төлеу үшін ыңғайлы және қарапайым сервис енгізілді. 

"ESalyq қосымшасындағы БЖТ "Қазпошта" АҚ Интернет-эквайрингі арқылы 100 теңге банктік комиссиямен электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. БЖТ жеке табыс салығын, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, БЖЗҚ-дағы зейнетақы төлемдерін, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына аударымдарын біріктіреді", – деп жазады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу