"42 500 теңге" төлеміне өтінімдер қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады

973

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.  

"42 500 теңге" төлеміне өтінімдер қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады

Азаматтарға ыңғайлы болу және порталдардың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу мақсатында egov.kz және 42500.enbek.kz-те Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықт ы әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдар және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін төлемге өтінімдер қабылдау 17 шілдеде басталады.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 700 мың қазақстандық "42 500 теңге" төлемін проактивті түрде тағайындау үшін SMS-хабарлама алған болатын.

Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

–  egov.kz – "электрондық үкімет" веб-порталы;

–  42500.enbek.kz порталы;

–  telegram-bot-тар;

– Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

–  екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу